Ұсынысқа сәйкес, 2026 жылы борышкердің шотында кемінде 50 851 теңге сақталуы мүмкін.
Сондай-ақ Ұлттық банк:
▪️ Қарыз сомасынан бірнеше есе көп қаражаттың бұғатталуына жол бермеуді;
▪️ Берешекті бір банктік шот арқылы өндіріп алуды;
▪️ Қаулы орындалғаннан кейін басқа шоттарға салынған шектеулерді алып тастауды ұсынды.
Қазір сот орындаушылары борышкердің әртүрлі банктердегі бірнеше шотына бір уақытта тыйым сала алады. Соның салдарынан бұғатталған қаражаттың жалпы сомасы қарыз көлемінен бірнеше есе асып кетуі мүмкін.
Ұлттық банк тиісті ұсыныстарды Әділет министрлігіне жолдаған. Оларды іске асыру үшін заңнамаға өзгерістер енгізу қажет.
Маңызды: бұл әзірге ұсыныс қана. Өзгерістер заң жүзінде қабылданып, күшіне енген жоқ.