weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Бүгін, 16:31 / NewsRoom / Аймақтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

⁠БҚО-да құдағилардың қарыз дауы сотқа жетті

Батыс Қазақстан облысында екі әйел 126 мың теңге қарызға байланысты сотқа жүгінген. Олардың арасындағы дау балалары ажырасқаннан кейін туындаған. Кейін тараптар медиация арқылы келісімге келген. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

⁠БҚО-да құдағилардың қарыз дауы сотқа жетті
Фото: ЖИ

Сот материалдарына сәйкес, Тасқала ауданының тұрғыны құдағиынан 126 мың теңге қарызға алған. Алайда балалары ажырасқаннан кейін ақшаны өзара келісіммен қайтару мүмкін болмаған. Осыдан кейін қарыз берген әйел сотқа талап-арыз түсірген.

Істі қарау барысында тараптарға дауды медиация арқылы шешудің артықшылықтары түсіндірілген. Нәтижесінде екі әйел қарызды қайтарудың тәртібі мен мерзімін келісіп, медиативтік келісім жасасқан.

Сот келісімді бекітіп, азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтатқан. Сонымен қатар талап қоюшыға төленген мемлекеттік бажды қайтару мәселесі шешілген.

Сот ұйғарымы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер