Министрдің сөзінше, мемлекеттік қарыз көлемі елдің жалпы ішкі өнімінің 20,9%-ына тең. Оның айтуынша, Қазақстан мемлекеттік қарызы салыстырмалы түрде төмен елдердің қатарына жатады.
«Кей елдерде бұл көрсеткіш 100%-дан асады. Тіпті 200%-дан жоғары болатын мемлекеттер де бар. Сондықтан біз қанша қарыз алғанымызға, оны қандай шарттармен және кімнен алып жатқанымызға өте мұқият қараймыз», – деді Серік Жұманғарин.
Қаржы министрлігінің дерегіне сәйкес, 2026 жылғы 1 шілдеде Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,5 трлн теңге болған. Ал мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарызды, сондай-ақ мемлекет кепілдіктері бойынша берешекті қоса есептегендегі жалпы көлем 40,9 трлн теңгеге жеткен.
2026 жылға арналған бюджетте Үкіметтің қарызы бойынша белгіленген шекті көлем 39,3 трлн теңге деңгейінде бекітілген.