Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Камбоджада жұмысқа тұрғызамыз деп, қазақстандық қызды құлдыққа сатпақ болған

Камбоджаға қонақүйге жұмысқа шақырылдым деген үмітпен барған қазақстандық бойжеткен адам саудасының құрбаны бола жаздады. Оған әкімші қызметі ұсынылғанымен, шын мәнінде бұл — қылмыстық алаяқтық схемасының бір бөлігі болып шықты.

Камбоджада жұмысқа тұрғызамыз деп, қазақстандық қызды құлдыққа сатпақ болған
Фото: Kaskelen.kz

ҚР Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Интерполдың Қазақстан тарапынан берген сұранысы негізінде бойжеткен жедел түрде құтқарылып, елге қайтарылған. Қазіргі таңда осы іске қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау жұмыстары жүріп жатыр.

Министрлік шетелден жұмыс ұсыныстарын қабылдамас бұрын, ақпараттың рас-өтірігін міндетті түрде ресми көздер арқылы тексеруге кеңес береді. Себебі мұндай алаяқтық схемалар көбіне қарапайым жұмыс секілді көрінгенімен, артында қанау мен өмірге қауіп төндіретін жағдайлар жатады.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату