Оның сөзінше, жұбайы Ұзақбай ешкімді ұрып-соқпаған, намазға да зорламаған.
«Егер ол шынымен сондай болса, неге олар бес жыл бойы қашып кетпеді?» – дейді әйел.
Назерке ұлдарының денесіндегі көгерген іздерді де ұрып-соғудан көрмейтінін айтты.
«Ол қамшымен жерді ұрған, балаларды ояту үшін ғана», – деп түсіндірді.
Әйел 2019 жылдан бері Ұзақбаймен бірге тұратынын, осы уақыт аралығында оның тарапынан зорлық-зомбылықты көрмегенін алға тартты. Қоғамдық пікірге қарамастан, күйеуін соңына дейін қорғауға дайын екенін жеткізді.
«Маған бәрі қымбат — күйеуім де, балаларым да», – деді ол.
Бұған дейін жасөспірімдер өгей әкесінің оларды күштеп ұстап, телефондарын тартып алғанын, мал бақтыруға мәжбүрлегенін айтқан. Әр жоғалған қой үшін таяқ жегендерін де мәлімдеген. Олардың сөздері жарияланған видео қоғамда үлкен резонанс тудырды. Кейін балалар дағдарыс орталығына орналастырылды, полиция тергеу бастап, өгей әке қамауға алынды. Ал туыстары жергілікті әкім мен имамды да жауапқа тартуды талап етті.