Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Камбоджа-Таиланд шекарасындағы қақтығыс: 15 адам қаза тапты

Камбоджа мен Таиланд шекарасында артиллериямен қақтығыс екінші күн қатарынан жалғасуда,- деп хабарлайды newsroom.kz

Камбоджа-Таиланд шекарасындағы қақтығыс: 15 адам қаза тапты

Камбоджа мен Тайланд күштері арасындағы шекарада қақтығыстар өршіп тұрған тұста екі елдің шекаралас аудандарының тұрғындары қауіпсіз аймақтарға көшуге мәжбүр болды. Камбоджаның Преах Вихеар провинциясы билігінің мәліметінше, 20 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз аймақтарға көшірілді. Таиланд билігі шекаралас аймақтардың 100 мыңнан астам тұрғыны үйлерін тастап кеткенін мәлімдеді.

Таиландтың Денсаулық сақтау министрлігі ұрыста кем дегенде 14 бейбіт тұрғын мен бір сарбаздың қаза тауып, 46-сы жараланғанын хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, Сурин провинциясында бес адам, Сисакет провинциясында 9 адам, оның ішінде бір сарбаз қаза тапқан. Убон-Ратчахани провинциясында бір жергілікті тұрғын қаза тапты.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату