Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Шерзаттың әкесі 85 млн теңге өтемақыны балалар үйіне аударады

Қайтыс болған Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов 85 миллион теңге өтемақыны түгелдей балалар үйіне аударуға шешім қабылдады. Бұл туралы отбасының адвокаты Мейрман Шекеев хабарлады.

Шерзаттың әкесі 85 млн теңге өтемақыны балалар үйіне аударады
Фото: ашық дереккөзден

Адвокаттың айтуынша, Нұрымов бастапқыда баласын өлтіргендердің ақшасынан бас тартқан. Алайда кейінірек оған бұл қадам сот шешіміне әсер етіп, айыптылардың жазасын жеңілдетуі мүмкін екені түсіндірілген. Осыдан соң ол ақшаны қабылдауға келіскен, бірақ оның барлығын қайырымдылыққа жұмсауды ұйғарған.

Қаржаубай Нұрымов бұл қайғыдан пайда табуды қаламайтынын айтып, бұл қаражат басқа балаларға көмек боларына үміттенетінін жеткізді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату