Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

«Ат!» — Шерзат өліміне қатысты істің қалай өрбігені туралы айыпталушы айтты

2024 жылдың 3 қазанында 16 жастағы Шерзат Полатты өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасыл сотта оқиға туралы өз нұсқасын баяндады, деп хабарлайды newsroom.kz.

«Ат!» — Шерзат өліміне қатысты істің қалай өрбігені туралы айыпталушы айтты

Айтуынша, сол күні оған танысы Азамат телефон шалып, бауырын Менделеев көшесінде біреулер соққыға жыққанын жеткізген. Абзал бірден оқиға орнына барған. Сол жерде ол Нұрқанат Ғайыпбаевпен жолығып, оны ұрған. Шынасылдың сөзіне қарағанда, дәл сол кезде Нұрқанат көлігінен мылтық алып, оқ атуға кіріскен.

«Ол көздеп тұрып, “Қазір атамын” деді. Мен “Ат!” деп айқайладым. Оқ құлағымның жанынан зу етіп өтті. Біздің біреуіміз жүгіріп барып, мылтықты тартып алмақ болды. Нұрқанат қарсыласып, кейін шегінді. Мен де артынан жасырын ілестім», — деді айыпталушы сот залында.

Кейін — қайғылы бетбұрыс.

Шынасылдың айтуынша, осыдан соң ол жедел жәрдем шақырып тұрған Шерзат Полатты көрген. Сол сәтте оған жүгіріп барып, соққы берген. Кейін Дархан есімді тағы бір адамды ұрған. Одан соң қайтадан Шерзатқа жақындағанын айтады:

«Шалбары сәл түсіп кеткен, өзі жерде жатқан. Қасымдағы пышақты алып, сан тұсынан үш рет ұрдым. Барлығы “Кеттік!” деп айқайлап жатты. Мен көлікке отырдым. Мылтық алдында, Азаматтың жанында болды», — деді ол.

Абзалдың айтуынша, пышақты ол бұрынғы бір шабуылдан кейін өзімен бірге алып жүретін болған.

Айта кетейік, бұл іс бойынша сот отырыстары ашық форматта өтіп жатыр.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату