Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Шерзаттың отбасы қоныс тойын тойлады

Былтыр Азат ауылында жасөспірім Шерзат Полат қастандықпен өлтірілгеннен кейін, көп ұзамай оның отбасының үйі өртеніп кеткен еді. Тергеу бұл оқиғаны қасақана жасалған өрт деп таныған.

Шерзаттың отбасы қоныс тойын тойлады

Бүгін Шерзаттың жақындары жаңа үйге қоныстанды. Бұл туралы олардың құқығын қорғаған адвокат Мейірман Шекеев хабарлады. Оның айтуынша, жаңа баспананың бой көтеруіне меценаттар мен Алматы облысының әкімдігі қолдау көрсеткен.

«Қаржаубаевтар отбасы халыққа алғысын айтады. Гүлбара апаның жүзіндегі қуанышты көру – біздің де бақытымыз. Халқымыздың бірлігі ажырамасын», — деді адвокат.

Айта кетейік, үйді пайдалануға беру қазан айының ортасына жоспарланған болатын.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату