Министрлік мәліметінше, бұл ақпарат талапкерлер мен ата-аналар үшін ыңғайлы болу мақсатында ұсынылған. Жарияланған мәліметтер қатарында жоғары оқу орындарының мекенжайлары, байланыс телефондары, электрондық пошталары және ресми сайттарына сілтемелер көрсетілген.
«Құрметті талапкерлер мен ата-аналар! Қазақстан аумағында жұмыс істейтін шетелдік жоғары оқу орындары филиалдарының қабылдау комиссияларымен байланыс деректері жарияланды. Егер сіз халықаралық университеттердің бірінің филиалына оқуға түскіңіз келсе, қабылдау комиссияларымен тікелей хабарласуды ұсынамыз — мамандар құжаттар тізімі, қабылдау талаптары мен мерзімдері туралы өзекті ақпарат береді. Болашақ білім жолын таңдауда барша талапкерлерге сәттілік тілейміз!» — делінген хабарламада.
Байланыс деректерінің толық тізімін мына жерден көруге болады.