weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Бүгін, 18:31 / Жасмина Нурлан / Білім
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алтынбек Нухұлы Марғұлан университетінің ректоры болып тағайындалды

Марғұлан университетінде жаңа басшылық кезеңі басталды. Оқу орнының ұжымына Басқарма Төрағасы – ректор қызметіне тағайындалған Алтынбек Нухұлы таныстырылды. Жаңа ректордың қатысуымен университеттің алдағы даму бағыттары да айқындалды.Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Алтынбек Нухұлы Марғұлан университетінің ректоры болып тағайындалды
Фото: ашық дереккөз

Марғұлан университетінің ұжымына жаңа Басқарма Төрағасы – ректор Алтынбек Нухұлы таныстырылды. Ректорды таныстыру рәсіміне ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова қатысты.

Алтынбек Нухұлының ғылыми және басқару салаларында тәжірибесі мол. Ол – химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі. Сонымен қатар ол жоғары білім, ғылым және мемлекеттік басқару бағыттарында қызмет атқарып, Парламент Сенатының үш шақырылымында депутат болған.

Жаңа басшылық кезеңінде университеттің даму стратегиясына бірқатар басымдық енгізілмек. Атап айтқанда, педагогикалық білім беру жүйесін жаңарту, студенттердің болашақ мамандығына практикалық тұрғыдан дайындығын күшейту, ғылыми жұмыстардың әлеуетін арттыру көзделіп отыр.

Бұдан бөлек, оқу үдерісін цифрландыру және жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру мен ғылыми қызметке енгізу университеттің негізгі даму бағыттарының бірі болмақ.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→