weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Сыр өңірінде жас журналистерге арналған жаңа зертхана ашылды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Сыр өңірінің белгілі журналисті, педагогі және қоғам қайраткері Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Сыр өңірінде жас журналистерге арналған жаңа зертхана ашылды

Жаңа зертхана білім алушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, заманауи медиа құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Мұнда студенттер журналистика саласындағы кәсіби және шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алады.

Зертхананың ашылу салтанатында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – ректор Наурызбай Байқадамов сөз сөйлеп, жаңа нысанның болашақ журналистердің кәсіби біліктілігін арттырудағы маңызын атап өтті.

Іс-шара барысында университеттің стратегиялық дамуына қосқан үлесі үшін Қалқабай Әбеновтің ұлы Қанат Қалқабайұлы Қорқыт ата атындағы «Алтын медальмен» марапатталды.

Салтанатты шарада Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов, филология ғылымдарының докторы, профессор Жеңіс Сәдуақасұлы, «Сыр бойы» газетінің бас редакторы Қуат Шарабидинов және көрнекті журналист, қоғам қайраткері, «Сыр журналистикасы» қорының құрылтайшысы Қожахмет Мырзаев сөз сөйлеп, Қалқабай Әбеновтің журналистикадағы еңбегі мен өңір баспасөзінің дамуына қосқан үлесін атап өтті.

Журналистік шеберлік зертханасының лентасын филология ғылымдарының докторы, профессор Жеңіс Сәдуақасұлы мен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисті Кенжалы Райымбекұлы қиды.

Жаңадан ашылған зертхананы университеттің «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Асыл Қожабайқызы таныстырды.

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, ардагер ұстаздар, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, журналистер, студенттер, сондай-ақ Қалқабай Әбеновтің отбасы мен туған-туыстары қатысты.

Қалқабай Әбенов — Сыр өңірінің қоғамдық-саяси, рухани және мәдени өмірінде өзіндік орны бар журналист. Ол соғыс ардагері, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, қоғам қайраткері ретінде танылып, ұзақ жылдар бойы Қызылорда облыстық «Ленин жолы», қазіргі «Сыр бойы» газетінің редакторы қызметін атқарған.
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→