Стипендия иегерлерінің жалпы санынан 164 азамат – магистратура, 10 азамат докторантурада оқиды. Сондай-ақ 15 азамат әлемнің ең үздік университеттері мен орталықтарында тағылымдамадан өтеді.
Биыл конкурстық іріктеу жаңа ережеге сай кезең-кезеңімен өтіп жатыр. Оның аясында кешенді тестілеу және жеке сұхбаттар жүргізілді.