Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

“Алып қашып” келе жатқанда қыз көз жұмды

Алматы маңында орын алған қалыңдық алып қашу рәсімі адам өлімімен аяқталды. Қызды алып қашып келе жатқан көлік жол апатына түсіп, бойжеткен сол жерде көз жұмды.

“Алып қашып” келе жатқанда қыз көз жұмды
Фото: envanto

Оқиға 24 мамыр күні сағат 18:00 шамасында БАКАД тас жолының 36-шақырымында болған. Kia көлігінің жүргізушісі Mercedes-Benz автокөлігімен соқтығысып, соққыдан Mercedes аударылып кеткен. Ішіндегі жолаушы қыз оқиға орнында жан тапсырғанын полиция растады.

Апат салдарынан күйеу жігіт пен оның екі танысы да жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Қазір бұл дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалып, көлік жүргізушісі қамауға алынды.

Айта кетейік, депутат Мұрат Әбенов қалыңдық ұрлағандарға үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қолдануды ұсынған болатын.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату