Қыз алып қашқан жігіт сотталды

Тараз қаласының №2 сотының шешімімен Маңғыстау және Ақтөбе облысының азаматтары қызды алып қашқаны үшін сотталды.

Жамбыл облысында қыз алып қашқан екі жігіт бірнеше жылға сотталды. Бұл жөнінде newsroom.kz хабарлайды nur.kz сілтеме жасап. Қылмыстық кодекстің 125-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
  2022 жылдың көктемінде екі жас танысады. Бірақ, қыз таныстықты  ары қарай жалғастырғысы келмеген.  Бұны ескермей, 2023 жылдың ақпан айында жігіт Таразға келіп, қызды алып қашуға бекінген.  Көршілер қыздың көмекке шақырғанын естіп, полиция қызметкерлеріне жүгінген. 

 

Облыстық прокоратура:

"Ұрлау, оның ішінде қыз алып қашу адам құқықтарын және бостандық пен теңдіктің негізгі принциптерін бұзу болып табылатынын атап өткен жөн. Осыған байланысты прокуратура адам ұрлаудың нақты бас бостандығынан айырумен жазаланатын ауыр қылмыс екенін ескертеді".

Жүктелуде...