Даниэль Джеймстің айтуынша, қазақ мәдениеті мен мемлекеттік тілге деген құрмет өзге этностарды біріктіреді. Нигериядан шыққан Даниэль Алматыда өскен. Ол қазақ тілінде еркін сөйлейді.
Ағылшын тілін білемін, бірақ менің ана тілім – қазақ тілі, – дейді Даниэль Джеймс.
Қазақстанды өзінің туған үйіндей көретінін айтқан Даниэль еліміздің қонақжайлығына тәнті. Оның айтуынша, шетелдіктер үшін Қазақстанда өздерін жайлы сезінуге барлық жағдай жасалған.
Мұндағы адамдардың ашық-жарқын мінезі мен мейірімділігі мені әрдайым қуантады. Көшеде келе жатқанда кейде адамдар менімен суретке түсуді сұрайды, бәлкім түр-әлпетім ерекше көрінетін болар. Бірақ мен оларға: «Келіңіздер, бірге суретке түсейік», – деймін. Сонда олар қатты таңғалады, – деп күлді Даниэль.