weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

БҰҰ 22 сәуірді Халықаралық планетаны көгалдандыру күні деп жариялады

Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 22 сәуірді Халықаралық планетаны көгалдандыру күні деп жариялады. Тиісті қарарды ұйымның Бас Ассамблеясы қабылдады. Бұл туралы Newsroom.kz Gov.kzке сілтеме жасап хабарлайды. 

БҰҰ 22 сәуірді Халықаралық планетаны көгалдандыру күні деп жариялады
Фото: Gov.kz

Бұл бастаманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың қыркүйегінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясындағы жалпы пікірталас барысында ұсынған болатын. 

Қарарға әлемнің түрлі өңірлерін білдіретін 32 мемлекет қосалқы автор болды. Құжат халықаралық қоғамдастықтың қоршаған ортаны қорғау, экожүйелерді қалпына келтіру және жасыл желекті кеңейту мәселелеріне назар аударуға бағытталған. 

Жаңа халықаралық күн аясында мемлекеттерді, БҰҰ жүйесін, халықаралық және өңірлік ұйымдарды, азаматтық қоғамды қоршаған ортаны көгалдандыру мен табиғи экожүйелерді қалпына келтіруге арналған іс-шаралар өткізуге ынталандыру көзделеді.

Айта кетейік, бұл бастама Қазақстанда жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясының мақсаттарымен де үндеседі.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→