Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақстан халқы Ассамблеясының 34-сессиясы басталды

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 34-сессиясы жұмысын бастады, деп хабарлайды newsroom.kz.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 34-сессиясы басталды
Фото: ашық дереккөзден

Биылғы сессияның басты тақырыбы – «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл».

Форум жұмысына 1600-ден астам адам қатысуда. Олардың қатарында Парламент депутаттары, еліміздің барлық өңірлерінен келген Ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестік басшылары, мемлекеттік органдар мен діни, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ танымал ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері бар.

Еске сала кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылдың 1 наурызында құрылған. Биыл бұл құрылымға 30 жыл толып отыр. Тұрақтылық пен бейбітшіліктің символына айналған ұйымның мерейтойы аясында артық шығынсыз 150-ден астам ірі іс-шара өткізу жоспарланған.

Қазіргі таңда Қазақстанда ортақ шаңырақ астында 124 этнос тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша еліміздегі халық саны 20 316 155 адамға жеткен. Этникалық құрам бойынша ең көп таралған тоғыз ұлт мыналар:

  • қазақтар – 14 220 289 адам
  • орыстар – 2 983 344
  • өзбектер – 660 585
  • украиндар – 375 925
  • ұйғырлар – 301 593
  • немістер – 224 353
  • татарлар – 219 212
  • әзербайжандар – 152 852
  • кәрістер – 120 270

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату