Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

СҚ-Фармация бизнес өкілдерімен және сарапшылармен кездесу өткізді

СҚ-Фармация медициналық жабдықтарға және оған техникалық қызмет көрсетуге маманданған бизнес өкілдерімен және сарапшылармен кездесу өткізді. Іс-шараға саланың жетекші компаниялары мен кәсіби қауымдастықтарды қоса алғанда 50-ге жуық ұйым қатысты,- деп хабарлайды newsroom.kz

СҚ-Фармация бизнес өкілдерімен және сарапшылармен кездесу өткізді

«СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Еркен Жақатай 2025 жылдың басында ҚР ДСМ мамандандырылған ведомстволық бағынысты ұйымдарының қатысуымен Астананың медициналық ұйымдарында жүргізілген инвентаризация қорытындылары туралы айтып берді.
 
Инвентаризация жүйелік проблемаларды анықтады: жабдықтардың қатты тозуы, жиі сынуы, шығын материалдары мен компоненттерді уақтылы сатып алмау, бұл медициналық техниканың мәжбүрлі тұрып қалуына әкеледі. Сонымен қатар, елдің басқа аймақтарымен салыстырғанда бірдей жабдық моделіне қызмет көрсету құнында айтарлықтай айырмашылықтар тіркелді.
 
Сервистік қызмет көрсету стандарттарын әзірлеу және сервистік инженерлерді аккредиттеу қажеттілігі бөлек талқыланды.
 
Осы проблемаларды шешу үшін «СҚ-Фармация» еліміздің медициналық ұйымдарында сервистік қызмет көрсету мен медициналық техниканың жай-күйін мониторингтеу бөлігінде медициналық техниканы басқарудың автоматтандырылған жүйесін (МТБЖ) жаңғыртуды ұсынады.
Сондай-ақ сервистік инженерлер мен қызметтерді аккредиттеу рәсімдерін пысықтау ұсынылады.
 
Көтерілген мәселелерді талқылау қызу, мазмұнды және сындарлы пікірталас форматында өрбіді. Бизнес пен сараптамалық қоғамдастық өкілдері талқылауға белсене қатысып, өз ой-пікірлерін ұсынып, практикалық тәжірибелерімен бөлісті және шешімдерді іздеуге қатысты, бұл өз кезегінде көтерілетін тақырыптардың өзектілігін және жүйені жетілдіруге жалпы қызығушылықты көрсетеді.
 
Кездесу соңында іс-шараға қатысушылар «СҚ-Фармация» басшылығына диалогтың бастамасы мен ашықтығы үшін шын жүректен алғыстарын білдірді. Аталған іс-шара осындай деңгейдегі бірінші алаң болды, онда сала өкілдері қолданыстағы сын-қатерлерді ашық талқылауға және оларды еңсеру үшін нақты қадамдар ұсынуға мүмкіндік алды.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату