Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
31 наурыз, 2025 / Жанар Ғарифоллақызы / Дін

Шәууәл оразасы мен қаза оразаға қалай ниет етеді?

Ниет дегеніміз – іштей бір нәрсені орындауға бекіну, соны мақсат тұту. Сондықтан, жүректе белгілі бір оразаны ұстауға ниет болса, бұл жеткілікті саналады; тілмен айту міндетті емес. Дегенмен, ауызша айтуды қалаған кісі ниетін қазақ тілінде білдіре алады.

Шәууәл оразасы мен қаза оразаға қалай ниет етеді?
Фото: вечерний Бишкек

Арнайы ниет-дұғасы жоқ. Мысалы:

Шәууәл оразасының ниеті:

«Ниет еттім Алла ризалығы үшін Шәууәл айындағы нәпіл оразаның бірінші күнін (екінші не үшінші күнін...) ұстамаққа. ХалисалиЛләһи Тағалә».​

Қаза оразасының ниеті:

«Ниет еттім Алла ризалығы үшін осы жылғы Рамазан оразасынан қалған пәлен күндік (мысалы, алты күндік) қаза оразаларымның бірінші күнін өтемекке (немесе екінші, үшінші...). ХалисалиЛләһи Тағалә».​

Ауыз ашқанда әдеттегідей сумен немесе құрмамен ашу ұсынылады. Ауыз ашарда қазақша тілек-дұға жасауға болады.​

Ескерту:

Қаза оразасының ниеті алдыңғы күннің ақшам уақытынан бастап, сәресі уақыты біткенге дейінгі аралықта (таң намазының уақыты кіргенге дейін) жасалуы қажет.​Islam.kz

Нәпіл оразасына (мысалы, Шәууәл айындағы оразаға) ертесі күні түске дейін, яғни күн тас төбеге келгенге дейін, егер еш нәрсе ішіп-жемеген болса, ниет етуге болады. Мысалы, таң намазының уақыты кіргеннен кейін ұйқыдан оянған кісі еш нәрсе ішіп-жеместен сол күнгі нәпіл оразаға ниет етіп, ұстай алады.​

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату