Ақ үй баспасөз қызметінің мәліметінше, Америка басшысы бұл көне мерекені атап өтетін жандарға жылы лебізін білдірді. Трамптың айтуынша, Наурыз – парсы халқы үшін көктемнің келуін және Жаңа жылдың басталуын білдіретін қуанышты оқиға. Бұл ежелден келе жатқан дәстүр өткен жылдағы игіліктерді ой елегінен өткізіп, жаңа маусымды үміт пен оптимизм рухында қарсы алуға мүмкіндік береді.
"Парсы халқы бай мәдениетімен, сондай-ақ математика, ғылым, құқық, технология және өнер саласындағы озық жетістіктерімен қоғамның дамуына елеулі үлес қосуда. АҚШ атынан баршаға Наурыз мейрамы құтты болсын!" – деді Трамп.
Айта кетейік, бұған дейін, 3 наурыз күні, АҚШ президенті Рамазан айын атап өтетін мұсылман жамағатын да құттықтаған болатын.