Реклама
weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

⁠Трамп жасанды интеллектке жаңа атау берді

АҚШ президенті Дональд Трамп федералды үкіметтің ресми құжаттары мен коммуникацияларында «жасанды интеллект» (AI) терминінің орнына «суперинтеллект» (SI) атауын қолдануды міндеттейтін атқарушы өкімге қол қойды. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

⁠Трамп жасанды интеллектке жаңа атау берді
Фото: El.kz

Өкімге сәйкес, АҚШ-тың атқарушы билігіндегі департаменттер мен агенттіктер заң рұқсат ететін шекте ресми хат-хабарларда, қоғамдық коммуникацияларда, сайттарда, есептерде, саясат құжаттарында және басқа да ресми материалдарда «Super Intelligence» және «SI» терминдерін қолдануы тиіс. Ал «Artificial Intelligence» және «AI» атауларын пайдаланудан бас тарту тапсырылды. 

Ақ үйдің түсіндіруінше, жаңа атау технологиялардың қарқынды дамуын және олардың әлеуетін көрсету мақсатында енгізіліп отыр. Трамптың айтуынша, «artificial» сөзі технологияны «жасанды» немесе шынайы емес нәрсе ретінде қабылдауға себеп болуы мүмкін. Ол «super intelligence» атауын дәлірек деп санайтынын айтқан. (Roll Call⁠)

Бұл шешім әзірге АҚШ федералды үкіметінің құжаттары мен коммуникацияларына қатысты. Басқа елдерге, халықаралық ұйымдарға немесе жеке компанияларға бұл атауды қолдану міндеттелмейді.

Сонымен қатар, атқарушы өкімде «суперинтеллект» ұғымына ресми анықтама әзірлеу тапсырылған. Тиісті ұсынысты АҚШ-тың ғылым және технология жөніндегі кеңесшісі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп 60 күн ішінде дайындауы тиіс. 

Айта кетейік, «суперинтеллект» термині бұған дейін де ғылыми ортада қолданылған. Алайда AI саласындағы зерттеулерде ол әдетте адамның танымдық мүмкіндіктерінен асып түсетін гипотетикалық жүйелерді сипаттау үшін пайдаланылады. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер