Көлік жүргізушілерін дайындайтын орталықтар арнайы лицензия алып, "Автомектеп" жүйесіне тіркелуі шарт.
Ішкі істер министрі автомектептер министрліктің қадағалауында екенін айты. Бір автомектептің түлектері аз уақытта бірінен кейін бірі жол көлік оқиғасын жасап, ауыр дене жарақаты фактілері тіркелген болса, сол автомектепке қадағалау күшейеді.
“Автомектеп ашу жай ғана бизнес емес, ол жүргізушіні дайындайды. Ал жүргізуші басқаратын автомобиль — қауіп-қатер тудыруы мүмкін көлік құралы. Сондықтан автомектеп ашамын деген адам оның жауапкершілігін түсінуі керек”,-дейді минстр Ержан Сәденов.