Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

“Батыс Қазақстанда мұнай ұңғымасындағы өрт”: ҚазМұнайГаз мәлімдеме жасады

2025 жылғы бүгін сағат 16:40-та «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Батыс Прорва кен орнындағы N437 ұңғымада газ шығуы толықтай тоқтатылды. Бұл туралы ҚазМұнайГаз мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

“Батыс Қазақстанда мұнай ұңғымасындағы өрт”: ҚазМұнайГаз мәлімдеме жасады
Фото: видеодан кадр

"Ұңғыма тығындалды, «Ақ Берен» ЖШС әскери авариялық-құтқару қызметінің көмегімен ұңғыманың сағасына әмбебап гидравликалық превентор қойылды.

2025 жылдың 6 наурызында Батыс Прорва кен орнындағы консервацияда тұрған N437 ұңғымада перфорациядан кейін, сорапты-компрессорлық құбырды (СКҚ) түсіру кезінде газ шығуы орын алды.

Осыған қатысты «Ембімұнайгаз» АҚ жедел штабы құрылып, «Ақ Берен» ЖШС ӘАҚҚ, «Семсер - Өрт сөндіруші» ЖШС, «СОП Атырау» ЖШС мобильді күзет құрылымдары тартылды.

Оқиға орнында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бекзат Абайылдановтың басшылығымен мамандар тобы жұмыс жасады"- делінген ҚазМұнайГаз мәліметінде.

 

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату