Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақстан мен Қырғызстан сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтпақ

Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен алғашқы ресми сапарымен келген Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді,-деп хабарлайды newsroom.kz

Қазақстан мен Қырғызстан сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтпақ
Фото: primeminister.kz

Тараптар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров арасында қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын қарады. Онда сауда-экономикалық, инвестициялық, транзиттік-көлік, су-энергетикалық, туристік, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, сондай-ақ АӨК-ке қатысты мәселелердің кең ауқымы қамтылды.

«Мемлекет басшыларымыздың өзара сенім мен шынайы достық рухындағы тұрақты байланыстары біздің көпқырлы қатынастарымызды жаңа белестерге көтеруге ықпал етті. Сауда байланыстарын нығайту және тереңдету екі ел экономикасының дамуына мультипликативті әсер етеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көрсеткіштері тағы да артып, $1,7 млрд-ты құрады. Сонымен қатар біз сауда-экономикалық өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту үшін айтарлықтай әлеуетті көріп отырмыз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

«Шын мәнінде, екі бауырлас мемлекет арасындағы екіжақты ынтымақтастығы ерекше стратегиялық сипатқа ие. Ежелден бауырлас халықтарымызды ғасырлар бойы қалыптасқан достық, тату көршілік және туысқандық қарым-қатынас, ортақ мәдениет, тіл, тіпті салт-дәстүріміз байланыстырады. Бұл кездесу екі тарапты да қызықтыратын көптеген мәселелер бойынша пікір алмасуға, екі елдің мүдделеріне сай келетін жаңа ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді деп сенемін», — деп атап өтті Адылбек Қасымалиев.

Келіссөздер барысында әлеуетті ашу және тауар айналымын арттыру тетіктері талқыланды. 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату