weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Парижде емес, Қазақстанда: шетелдік турист Бозжырада сақина тақты

Маңғыстаудағы Бозжыра шатқалы шетелдік туристер арасында ерекше сәттерін атап өтетін орынға айналып келеді. Парижден келген жұптың бірі сапар барысында сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасаған. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

Парижде емес, Қазақстанда: шетелдік турист Бозжырада сақина тақты
Фото: Әлеуметтік желіден

Романтикалық сәтті дронмен Берік Дәуенов түсіріп, әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Кадрларда жігіттің Бозжыраның ерекше табиғаты аясында сүйіктісіне сақина ұсынып, жүзік таққаны көрінеді. 

«Париж – романтиканың қаласы. Ал Бозжыра – махаббатқа “иә” деп айтылатын мекенге айналып келеді. Парижден келген қос ғашықтың өміріндегі ең маңызды сәттердің бірі дәл осы жерде өтті», – деп жазды Берік Дәуенов.

Бозжыра соңғы жылдары шетелдік туристер жиі баратын Маңғыстаудың негізгі туристік орындарының біріне айналып отыр. Биыл алғашқы сегіз айда өңірге 17 мыңнан астам турист келген. Саяхатшылар әсіресе Бозжыра мен Қызылкүп шатқалдарына қызығушылық танытуда. 

Бозжырадағы туристік инфрақұрылым да дамып келеді. Қолданыстағы визит орталығы күніне шамамен 200 турист қабылдайды, ал жаңа визит орталығын келер жылдың ақпанында пайдалануға беру жоспарланған. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер