Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
8 ақпан, 2025 / Перизат Ілес / Білім

Қазақстанда 17 жас ғалымға пәтер сертификаттары табысталды

7 ақпанда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ғылым және жоғары білім министрі 17 жас ғалымға пәтер сертификаттарын салтанатты түрде табыстады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Қазақстанда 17 жас ғалымға пәтер сертификаттары табысталды
Фото: gov.kz

Президенттің 2024 жылғы 31 мамырда «Ғылым ордасында» жас ғалымдармен кездесуінде берген тапсырмасын орындау мақсатында ғалымдардың әлеуметтік мәртебесін көтеру және қолдау көрсету, сондай-ақ ғылымға жас кадрлардың келуін ынталандыру үшін Комиссия Алматы қаласында баспана беру үшін мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдардың, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жас ғалымдарының кезекті тізімін айқындады,- делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәлімдемесінде.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен өткен жылы 25 жас ғалым тұрғын үй сертификаттарын алды. Сонымен қатар 2023 жылғы 19 қазанда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Отбасы банк» АҚ арасында жас ғалымдарға 2023-2027 жылдарға арналған жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Қазіргі уақытта аталған бағдарлама бойынша 290 жас ғалым жеңілдікпен баспана алды.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату