Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

«Samsung» брендін кім ойлап тапты? (тарихи дерек)

Samsung — әлемдегі ең ірі технологиялық компаниялардың бірі.

«Samsung» брендін кім ойлап тапты? (тарихи дерек)
WeLoveBrands

1938 жылы Оңтүстік Кореяда Ли Бён Чхуль атты кәсіпкер «Samsung Sanghoe» атты шағын сауда компаниясын құрды,- деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі.

Бастапқыда компания азық-түлік, ауыл шаруашылығы өнімдері және түрлі тауарларды сатумен айналысты. «Samsung» атауы корей тілінде «үш жұлдыз» деген мағынаны білдіреді.  Ли Бён Чхуль  өз компаниясын үлкен және күшті етіп көруді армандаған.

1960-70 жылдары компания өзінің бизнесін әртараптандырып, электроника саласына бет бұрды. 1970 жылы «Samsung Electronics» құрылып, алғашқы телевизорлар мен тұрмыстық техника өндірісін бастады. Уақыт өте келе Samsung әлемдегі жетекші технологиялық брендке айналды. Оның смартфондары, теледидарлары, компьютерлері мен басқа да техникалық құралдары бүкіл әлемге танымал болды.

«Samsung» брендінің негізін қалаған Ли Бён Чхульдың амбициясы мен жаңа идеяларды іздеуінің арқасында бұл бренд әлемдегі ең ірі электроника өндірушілерінің біріне айналды.