weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Астана изоляторында аяқкиімнің ішінен үш телефон табылды

Астанадағы №64 тергеу изоляторында қамауда отырған азаматтың аяқкиімінің ұлтарағының астынан үш ұялы телефон мен үш SIM-карта анықталды.

Астана изоляторында аяқкиімнің ішінен үш телефон табылды

Қызметкер қысқы аяқкиімді тексеру барысында Nokia маркалы батырмалы үш телефонды байқаған. Оқиға видеосы Instagram желісінде тарап, миллионнан астам қаралым жинады.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, тыйым салынған заттарды кіргізу әрекеті бейнебақылау камерасы мен қызметкердің жеке тіркеу құрылғысы арқылы тіркелген.

Ведомство өкілдері азаматты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 481-бабы бойынша жауапкершілікке тарту үшін материалдар жиналып жатқанын хабарлады. Мекеме әкімшілігі режим талаптарын бақылау тұрақты жүргізілетінін атап өтті.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→