Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Түрмеде терракт ұйымдастырмақшы болған қылмыскерлер ұсталды

Елімізде темір торға қамалған қылмыскер терракт жасамақшы болған

Түрмеде терракт ұйымдастырмақшы болған қылмыскерлер ұсталды
ҰҚК

22 қарашада Алматы, Қостанай және Жетісу облыстарының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 10 радикалды діни идеология жақтасының әрекетінің жолын кесті,-деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі  Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

«Жаза өтеу орындарында жүргізілген тінтулер барысында суық қару, смартфондар және басқа да заттай дәлелдер алынды. Біреуінің экстремизм үшін соттылығы бар. Қалғандары кісі өлтіру, тонау және ұрлық үшін жазаларын өтеген.

Сондай-ақ, Алматы қаласында пробациялық бақылауда тұрған олардың байланысы ұсталды. Көрсетілген адамдарға қатысты Қылмыстық кодекстің 255, 256 және 259-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген ҰҚК хабарламасында.

Тағы оқыңыздар: 

1. Мемлекет басшысы қорғаныс министрін қабылдады 

2. Әскерде өз басына оқ атқан сарбаздың анасы үндеу жасады

3. 900-ден астам запастағы офицер әскерге шақырылады