Ирина Боровецтің видеоүндеуі aqtobe_sergek парақшасында пайда болды, деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Менің ұлым сәуірден бері Актөбеде әскери борышын өтеді. Кеше қайғылы жағдай болды. Борышын жақсы өткеріп жатқан. Оны ешкім ренжіткен жоқ, ешқандай қиындық болған жоқ. Үнемі хабарласып тұрды, бәрі жақсы еді. Қазір тергеу жүріп жатыр, бәрін анықтайды деп үміттенемін. Сондай-ақ, оны өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізді деген нұсқаны таратпауларыңызды сұраймын. Сот-медициналық сараптама алдында ұлымды көрдім - көгерген, ұрған іздер жоқ, - деді сарбаздың анасы.