weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Жалаңаш адам мектепте!»: Қаскелеңде масқара жайт орын алды

Алматы облысының Қаскелең қаласында жалаңаш ер адам мектеп аумағына кіріп, ғимараттың ішінде жүрген. Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап, көпшіліктің наразылығын тудырды. Бұл жағдай білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік пен ғимаратқа кіру тәртібіне қатысты сұрақтарды қайта көтерді.

«Жалаңаш адам мектепте!»: Қаскелеңде масқара жайт орын алды
Stan.kz

Оқиға сәрсенбі күні Қаскелең қаласындағы Отарвановка шағынауданында орналасқан Әлімқұлов атындағы мектепте болған. Әлеуметтік желіде тараған кадрлардан жалаңаш ер адамның мектеп ғимаратына еш кедергісіз кіріп кеткенін көруге болады.

Желі қолданушылары болған жағдайға алаңдаушылық білдіріп, мектеп әкімшілігі мен жауапты органдардан түсініктеме талап етті. Олардың пікірінше, бөгде адамның оқу орнына осылайша еркін кіруі мектептегі күзет қызметі мен қауіпсіздік шараларының қаншалықты тиімді ұйымдастырылғанына қатысты күмән тудырады.

«Мектеп әкімшілігі мен жауапты органдардан болған жағдайға қатысты түсініктеме беріп, оқу орнында күзет пен ғимаратқа кіруді бақылау жүйесі қалай ұйымдастырылғанын түсіндіруді сұраймыз», – деп жазды желі қолданушылары.

Алматы облысының Полиция департаменті оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады. Ведомствоның хабарлауынша, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Полицияның мәліметінше, оқиға салдарынан оқушылар мен мектеп қызметкерлері зардап шекпеген. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр.

«Қылмыстық істі тергеу аясында күдіктінің психикалық денсаулығы да тексеріледі», – делінген полиция хабарламасында.

Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыстық іс «Бұзақылық» бабы бойынша тіркелген.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Күдіктінің әрекетіне құқықтық баға тергеу нәтижесінде беріледі.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер