Елордада Стратегиялық талдау бойынша оқыту семинары өтуде. Бұл туралы ҚМА Баспасөз қызметі мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz
Үш күндік семинар барысында ECOFEL шақырылған сарапшылар Стратегиялық талдау жүргізу тәжірибесімен бөліседі, оның мақсаты кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес саласындағы жаңа трендтерді, заңдылықтар мен үрдістерді анықтау болып табылады.
Оқыту процесі тек теориялық білім алуды ғана емес, сонымен бірге алған дағдыларын бекітуге мүмкіндік беретін практикалық мәселелерді шешуді де қарастырады.
Астанаға келген шетелдік мамандар кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ұйымдар ұсынған ережелер мен нормалардың белгіленген жүйесін сақтаудың маңыздылығын атап өтеді, бұл өз кезегінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Айта кетелік, іс-шара Қазақстан мен Өзбекстан ҚББ өкілдері үшін ЕАТ өзара бағалау қорытындылары бойынша екі елге техникалық көмек көрсету жөніндегі жобалық жоспарлар шеңберінде өткізілуде.