Полицияның мәліметінше, жас жігіт белгіленген мерзімде пәтерді босатпаған. Жанжал кезінде ол әйелдің бетінен бірнеше рет ұрып, балағат сөздер айтқан.
Күдікті ұсталды. Сот оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы шешім шығарды.
Сонымен қатар денсаулыққа қасақана зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.