Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
11 қазан, 2024 / Аман ШАМАР / Қаржы

Үнемдеген үйдей бәледен құтылады

Банктен кредит алғанша, оны ерте кезден жинаған анағұрлым тиімді.

Үнемдеген үйдей бәледен құтылады
Фото: Atpress.kz

Мамандар өзге дамыған елдердегідей қазақстандықтар да кредит алғаннан гөрі қолдағы қаражатты сақтандыру қорына жинақтағаны дұрыс екенін айтады.

Мәселен, еліміз жер сілкінісі қаупі жоғары аймақтың бірі саналатын Алматы қаласының бір өзі Қазақстанның ЖІӨ-нің 20 пайызын қамтамасыз етеді. Егер мұнда жойқын жер сілкінісі болатын болса, оның зардабын жою бюджеттегі үкімет резервіне ауыр салмақ салары күмәнсіз. Өйткені жеке мүлкін сақтандырған қазақстандықтардың үлесі қазіргі таңда бүкіл республикада тек 8 пайызды құрап отыр. Алматыда 1911 жылы болған жер сілкінісінің шығыны 20 миллион долларға бағаланған еді. Сондай-ақ, жер сілкінісінен келетін залал енді Қазақстанның жалпы ішкі өніміне 1 миллиард долларға дейін зиян келтіруі мүмкін. Орталық Азияның аймақтық экологиялық орталығының 2022 жылғы есебіне сәйкес, Қазақстанның жер сілкіністерінен келетін орташа жылдық шығыны – 57,6 миллион доллар. Елдегі ең жоғары шығын көрсеткіші Алматыда – 46,8 миллион доллар.

Сондықтан да болар, қаржылық кеңесші Сандуғаш Құсайынова ең алдымен қолда бар қаражатты жинап үйрену қажеттігін айтады. Себебі, ақша санағанды жақсы көреді. Бүгінде қаржы  үнемдеудің жалғыз ғана жолы бар, бұл – жинақтау. 

– Банктен кредит алғанша, оны ерте кезден жинаған анағұрлым тиімді. Мен мұны көп жылғы тәжірибеме сүйеніп айтып отырмын. Ал, қаржыны жинаудың бір жолы – сақтандыру. Яғни, кез келген адам өз өмірін келеңсіз жайттардан сақтандыра отырып, экономикалық жағдайын жақсартып алуға мүмкіндігі бар. Жалпы, бүгінге дейін ел азаматтары бұл үрдіске немқұрайлы қарап келгені жасырын емес. Өйткені, біз дамушы мемлекетпіз. Сондықтан, дамыған елдерден үйренеріміз көп. Соның бірі – сақтандыру мәдениеті. Бұрынғыдай емес, қазір бұл салаға ақша құйып жатқан қазақстандықтар қатары көбейіп келеді. Бұл олардың қаржылық аз да болса артып жатқандығын көрсетеді, - дейді ол.

 Бұл ретте, сақтандыру компанияларына қаржысын құйып алып, қайтара алмай жүргендер де жоқ емес. Яғни, оларды таңдау барысында қауіпсіздік мәселесіне қатты мән берген жөн. Келісімшарт талаптарымен мұқият танысып алған абзал. Мамандар көбінесе жекелей емес, мемлекетпен бірлесіп жұмыс жасайтын ұйымдарға сенім артқан дұрыс деп санайды.

– Еліміздің әр азаматы ерікті түрде өз өмірін және отбасын қаржылай сақтандыруға құқылы және сол арқылы алдағы күндерге қаражат жинай алады. Президенттің өзі отандастарымызды қарызсыз қоғам құруға шақырып отыр. Себебі, қарыздың қамытынан құтыла алмай жүргендер қоянша көбейіп жатыр. Бұл жақсы үрдіс емес. Мұның тамырына бүгіннен балта шаппаса, болмайды.

Мен өзім халыққа тиімді сақтандыру қоры ретінде бір ғасырлық тарихы бар «Халық банкінің» серіктесі болып табылатын «Halyk-Life» акционерлік қоғамын ұсынар едім. Ол былтыр 51 пайыз таза табыс түсіріп, тоғыз мекеменің ішінен көш бастады. Сондай-ақ, жиырма жылдан бері қазақстандықтардың қаржылық жағдайын жақсартып, экономикалық сауаттылығын арттыруға да үлкен үлес қосып келеді. Ұлттық банктің қойып отырған талабы бойынша кез келген ақша жинақтаушы ұйым өзін қайта сақтандыруы қажет. Өз кезегінде «Halyk-Life» мекемесі Германияда осындай талаптан өткен. Міне, халықтың зор сеніміне ие болып отырғаны да сондықтан, - дейді сала маманы Сандуғаш Қуанышқалиқызы.

Айтпақшы, бұл үрдіске банк мамандары да оң пікір білдіруде. Солардың бірі – Алматы қаласындағы екінші деңгейлі банктердің бірінде менеджер болып еңбек ететін Нұргүл Қуатова. Оның ойынша, өмірді сақтандыру мәдениеті бүгінде халықты ақшаны үнемдеу мен жинақтауға үйретуде.

– Бір қарағанда, сақтандыру компаниялары мен банктер бір-бірімен бәсекелес ұйымдар болып табылады. Бірақ, айналып келгенде, екеуі де халық қаржысын жинап және аз да болса арттырып отырған орын. Сондықтан, мақсаты мен мүддесі де бар. Дегенмен, мен банк қызметкері бола тұра, азаматтарға депозиттен гөрі сақтандыру полисін ашуға кеңес берер едім. Өйткені, банктерде салымшылардың ақшасы тек 10 миллион теңгеге дейін қорғалады. Яғни, банк банкрот деп танылған жағдайда, сол сомадан артық қайтарылмайды деген сөз. Ал, сақтандыру қоры қанша қаржы құйылса, соның бәріне 100 пайыз кепілдік береді. Екіншіден, банкте несие өтелмеген жағдайда адамның жеке шоттары бұғатталады. Ал, сақтандыру қорында ондай атымен жоқ. Ондағы қаржы тіпті сот шешімімен тәркіленуге де жатпайды, - дейді ол бізбен әңгімесінде.

Ал, тәуелсіз сарапшы Ғазиз Әбішев ақшаны банкте де, сақтандыру қорында да сақтаған артық етпейтінін айтады. Айтуынша, екеуінің де пайдасы болмаса, зияны жоқ.

«Ай сайын түсіп отырған табысыңыздың бір бөлігін банктен депозит ашып, сонда сақтаңыз. Егер алдағы бес жыл ішінде қаржылай қиындыққа тап бола қалсаңыз, кез келген соманы банк шотынан шешіп аласыз. Ал, жалақыңыздың енді бір бөлігін сақтандыру компаниясына аударыңыз. Ол сіздің болашаңызға жұмыс жасайтын болады. Оны, тіпті, мемлекетке декларация тапсырған сәтте де көрсетпеуге құқығыңыз бар» дейді ол.