weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Елімізде балабақша тәрбиешілерінің қатыгездігіне қатысты 17 жағдай тіркелген

Кәсіби білімі бар, сауатты маман ғана балалармен жүйелі жұмыс істей алады

Елімізде балабақша тәрбиешілерінің қатыгездігіне қатысты 17 жағдай тіркелген
Фото: Азаттық радиосы

Елімізде жыл басынан бері  балабақшадағы тәрбиешілердің қатыгездігіне қатысты 17 жағдай тіркелді. Оның 10 жағдайында тәрбиешілер жұмыстан шығарылған. Қалғаны келісімге келген екен,- деп хабарлайды newsroom.kz  порталы Жібек Жолы арнасына сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша мұндай нәрсеге бірқатар факторлар әсер етеді. Кадр тапшылығы мен тәрбиешілерге түскен жүктемеде олардың күйзеліске ұшырауына әкеп соғады. 

- Біздің ата-аналар келген кезде міндетті түрде не жейді? және ұрмай ма? деп сұрайды.Қазір кім көрінген балабақша ашып жатыр. Біріншіден ол маман болуы керек. Ата-ананың талабына сай келетін балабақша болуы керек. Жалпы 150 кв. м аумақта  5 топ жүретін балабақшалар баршылық,- деді ҚР Білім беру саласының үздігі Гүлсара Нұрсейітқызы.

Гүлсара Нұрсейітқызының айтуынша, тәрбиеші таңдауда қателеспеу керек. Кәсіби білімі бар, сауатты маман ғана балалармен жүйелі жұмыс істей алады. 

Сондай-ақ, жауапты министрлік өкілдері соңғы жалдырда кәсіби тәрбиешілер саны көбейгенін айтты. Сондай-ақ, жекеменшік және мемлекеттік балабақшалар тұрақты түрде белгілі ретпен, барлық талаптарға сәйкес тексерістерден өтіп отырады. 

Егер де осыдан екі жыл бұрын өзінің кәсіби білімі бар тәрбиешілер мектепке дейінгі ұйымдарда 53%- ды құраған болса, бүгінгі күні 79%-ды құрайды. Балаларды ерте дамыту институты және Мектепке дейінгі білім беру департаментімен бірге бұл жұмыстарды қадағалап отырмыз- деді Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манара Адамова .

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→