weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Балабақшада бүлдіршіндерге шкаф құлады

Атырау қаласындағы жекеменшік балабақшалардың бірінде оқыс жағдай орын алды,— деп хабарлайды newsroom.kz

Балабақшада бүлдіршіндерге шкаф құлады

AtyrauPress мәліметінше, жиһаз астында үш тәрбиеленуші қалып қойған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Аталған балабақшаның меңгерушісі Әсемгүл Галиеваның айтуынша, оқиға болғаннан кейін барлық балалар дереу травмпунктке жеткізіліп, медициналық тексеруден өткен.


«Екі бала қазірдің өзінде сабаққа қайта оралып, балабақшаға келіп жүр. Үшінші бала уақытша келмей жүр. Травматологтың қорытындысына сәйкес, оған жұмсақ тіндердің соғылуы диагнозы қойылды. Бұл жағдай ойын кезінде екі бала дөңгелекті жылжымалы шкафқа мініп, оның аударылып кетуі салдарынан болды. Қазір біз барлық кемшіліктерді жойдық. Ата-аналардан кешірім сұраймыз» деді балабақша меңгерушісі Әсемгүл Галиева.

Әкімшілік мәліметінше, балабақша 75 орынға арналған, алайда қазіргі уақытта онда 50 бала тәрбиеленіп жатыр. Бір топта 25 балаға дейін қарастырылған, ал іс жүзінде топта 18 бала бар. Балаларға үш қызметкер – бір тәрбиеші және екі көмекші  қарайды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→