Мақсат Толықбай: Қазақстанда АЭС-ті Ресей салмайды

АЭС-тің құрылысына кем дегенде 10-15 жыл уақыт кетеді

Фото: sn.kz

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Қазақстанда АЭС-ті Ресей сала алмайтынын айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Мақсат Толықбайдың Facebook парақшасына сілтеме жасап. 

"Расында қазір қоғамда резонанс туғызып жатқан мәселенің бірі осы АЭС салынса оны кім салады? Ресей сала ма? Мәскеуге кіндікпен байланып қалмаймыз ба? деген алаңдаушылық басым. Өзімізде өңірлерді аралап қайттық. 

Біріншіден айтарым, салынған күннің өзінде оны Ресей сала алмайды. Олар реакторларын сыртқа шығара алмайды онсыз да санкцияның астында. 

Екіншіден, МАГАТЭ ұйымының талабы бойынша, қазір кез келген АЭС-ті бір мемлекет сала алмайды. Яғни технологиясы озық Франция салса, Оңтүстік Корея салса, оларға бағынышты болып қалмаймыз ба? деп уайымдап жатқандар бар.

Салынған күнннің өзінде де, халықаралық консенсус құрылады яғни бірнеше мемлекет қосылып салады. АЭС-тің құрылысына кем дегенде, 10-15 жыл уақыт кетеді. Біз қазір ток көздерін алып отырған тэсттерді білесіздер, 60%-ның тозығы жеткен. Біз бұларды да қатар жаңартуымыз  қажет. Қазір жел, су және күн сәулесін барынша пайдалану үшін, олардың да станцияларын көбейті үшін қазір Катар бар Біріккен Араб Әмірліктері инвестиция құйып жатыр. 

Шынымен болашақта біз энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізу үшін осы бағыттардың барлығын бірдей, қатар дамытуымыз керек деп есептеймін"- деді Мәжіліс депутаты.

Жүктелуде...