БҚО әкімдігінің қызметкері бірнеше көлік соқтығысқан жол апатына себепкер болды

Жол апаты 1 қазан сағат 00:10-да орын алған

Фото: ашық дереккөзден

БҚО әкімдігінің қызметкері бірнеше көлік соқтығысқан жол апатына себепкер болды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Полиция мәліметінше, Volkswagen Tiguan көлігінің 44 жастағы жүргізушісі бағдаршамда тұрған Mercedes көлігіне соғылған. Соққыдан Мерседес ВАЗ және Skoda Rapid-ке соғылған.

Қазіргі уақытта, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Мәліметке сәйкес, Volkswagen Tiguan көлігін БҚО әкімдігінің қызметкері Ербол Найзабеков жүргізген. Әкімдік сайтында оның Ішкі аудит қызметі басқарма басшысы екені жазылған.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жол апатынан 18 жастағы қыз бен 37 жастағы ер адам зардап шеккен. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді.

 

 

Жүктелуде...