Қостанай облысында 16 жастағы есірткі жасырушы «синтетика» салынған 25 ораммен ұсталды,- деп хабарлайды newsroom.kz
– Есірткі айналымымен күрес виртуалды кеңістікте де жүргізілуде, онда биыл үш мыңнан астам есірткі сайты бұғатталды. Сондай-ақ ІІМ қызметкерлері мен еріктілер күн сайын көшелерде есірткі жарнамаларын өшіруде. Алдын алу жұмыстары өте маңызды. Салауатты өмір салтын насихаттауға және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған бес мыңға жуық профилактикалық дәріс өткізілді, – деп атап өтті ІІМ.
Айта кетелік , полиция мәліметіне сүйенсек Биыл 10 мыңнан астам есірткіге қарсы іс-шара өткізіліп, оған 714 мыңнан астам жасөспірім қатысты.