“Қазақмыс” қызметкерлері қымбат металдарды ұрлаған

Көрсетілген фактілер бойынша барлығы 17 адам ұсталды

Фото: Qazaqstan.tv

Күдіктілер кәсіпорыннан 6,5 млн теңге өнімін ұрлау кезінде ұсталды. Қазіргі уақытта олардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр,- деп хабарлайды newsroom.kz

Полиция 2022 жылдың наурыз айында жергілікті кәсіпкерден 20 млн теңге бопсалаған тағы бір топ мүшелерін құрықтады.

Көрсетілген фактілер бойынша барлығы 17 адам ұсталып, ішкі істер органдарына жеткізілді. 20-дан астам тінту шаралары өткізілді, нәтижесінде 5 атыс қаруы, оқ-дәрілер, пышақтар және экстремистік сипаттағы діни әдебиеттер тәркіленді.

 

 

Жүктелуде...