“Қолымнан келгеннің бәрін жасаймын”: Шавкат Рахмонов өзінің қарсыласын атады

Қазақстандық файтер мәлімдеме жасады

Фото: ашық дереккөзден

Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов UFC-дегі өзінің ең қауіпті қарсыласы ретінде кімді көретінін мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Dopmedia.kz  сайтына сілтеме жасап.

 – Сен қазір Белалды өзіңнің ең мықты қарсыласың ретінде көресің бе?

"Қазіргі таңда Белал өз мансабының шарықтау шегінде жарқырап жүр. Мұны Леонмен өткізген жекпе-жегінен кейін көруге болады. Бірақ, бұл мен үшін маңызды емес. Қазір бәрі менің қолымда. Оны жеңіп кететініме сенімдімін. Қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Не болатынын көреміз",-  деді Рахмонов. 

Жүктелуде...