Шавкат Рахмонов тымақтарын сатылымға шығарыпты

Әлемнің әр түкпіріндегі Шавкаттың жанкүйерлері оның қолтаңбасы бар тымақтарды ала алады

Фото: tymaq.kz

Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов өзінің жекпе-жекке киіп жүрген тымақтарын сатылымға шығарды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Бұл туралы журналист Аслан Каженов өзінің әлеуметтік желісінде бөлісті.

"Бір парадокс дүние бар. Біз күнделікті отандық спортқа бөлінетін миллиарттаған қарыжыны айтамыз. Одан еш нәтиже шықпағанын, яғни, қайтарымы болмағанын сынап жатамыз. Ал, Шавхат сияқты жігіттер, керісінше, бюджеттен бір теңгеде де алмайды. Бірақ, еліміздің абыройын асқақтатуға және өзіндік иммидж қалыптастыруға масқара үлес қосады. Соның айғағы – мына басына киіп отырған тымағы",- деп жазды журналист.

Шавкат әр жекпе-жегіне осы тымақты киіп шығатын көрінеді. Сәйкесінше, мұхиттың арғы жағында оған деген қызығушылық артқан. Бастапқыда бірнешеуін арнайы апарып, тегін таратып жүріп, кейін жүз данасын дайындап сатқан екен.

"Қанша апарсаң да, «ыстық пирожки» сияқты жоқ болып кетеді. Енді осы процесті заман талабына сай бір жолға қойған екен. Бұдан былай еліміздің және әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлері Шавхаттың қолтаңбасы бар тымақты tymaq.kz сайтынан онлайн тапсырыспен ала алады. Керемет бастама".

Ана жолы 50 центтің кепкасын кәдімгідей хит қылып, әріптестер жарыса жариялап еді. Одан кейін Аkon-ға лақтырған ішкиімді талқылып, біраз мәре-сәре болдық. Тіпті, оны Парламент қабырғасында да көтерді. Айтпағым, осындай ұлттық құндылығымды түгендеуге келгенде, отандық спортшылар мен отандық өндірушілерді қолдауға келгенде неге аузымызға құм құйылады? Жай бір-бірімізге айтсақ, бір-бірімізге бөліссек, соның өзі үлкен көмек емес пе? Солай ғана елімізге деген, ұлтымызға деген сүйіспеншілікті және ауызбіршілікті көрсете аламыз. Қысқасы, өндірістің басы-қасында жүрген қыз-жігіттерге үлкен респект! Ал, Шавхаттың өзіне тек қана сәттілік тілеймін",- деп жазды Аслан Каженов.

Жүктелуде...