Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Азат Мақсұм UFС-дегі екінші кездесуін өткізіпті

Спортшының салмағы таразыда 57,15 келіні көрсетіпті

Азат Мақсұм UFС-дегі екінші кездесуін өткізіпті
Фото: Mike Roach/ Zuffa LLC via Getty Images

Аралас жекпе-жектен жеңіліп көрмеген қазақстандық Азат Мақсұм (17-0) UFC-дегі екінші жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті, деп хабарлайды Newsroom.kz 

Ол жеңіл салмақ санатындағы межені (57 келі) орындай алды. Спортшы таразыда 57,15 келіні көрсетсе, америкалық 56,9 келі салмақты шақпақ болып шықты.

Айта кетейік, 3-4 ақпан аралығында АҚШ-та жеңіл салмақтағы жеңіліс көрмеген қазақстандық Азат Мақсұм (17-0) UFC-дегі екінші жекпе-жегін өткізеді. UFC Fight Night 235 турниріндегі Азаттың қарсыласы америкалық Чарльз Джонсон (13-6) болмақ.

Азаттың негізгі мамандығы аңшылық

"Аграрлық университеттің "Орман шаруашылығы" факультетінде аңшылықтану мамандығы бойынша оқыдым. Сонымен бірге жаттығуға барып жүрдім", – деді Азат "Спорт Шрёдингера" Youtube арнасына берген сұхбатында. Файтердің сөзінше, ол грант бөлімінде оқыған және бұл мамандықты таңдауына ата-анасы ықпал еткен.