weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Бүгін, 13:04 / Перизат Ілес / Sportroom
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

ТАСС: UFC турнирі 2027 жылы Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан және Грузияда өтуі мүмкін

Абсолютті жекпе-жек чемпионатының (UFC) турнирі 2027 жылы Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан және Грузияда өтуі мүмкін,— деп хабарлайды newsroom.kz

ТАСС: UFC турнирі 2027 жылы Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан және Грузияда өтуі мүмкін

«Өзбекстан делегациясы UFC басшылығымен кездесу өткізді. Елде UFC турнирін, сондай-ақ Zuffa Boxing жекпе-жектерін ұйымдастыру мәселесі талқылануда. Бұдан бөлек, Қазақстан, Қырғызстан және Грузияда да турнир өткізу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр», – деп агенттікке ақпарат көзі хабарлаған.

UFC турнирлері бұған дейін Ресейде үш рет, ал Әзербайжанда бір рет өткізілген.

Бірнеше күн бұрын Өзбекстан Ұлттық олимпиадалық комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Азия Олимпиадалық кеңесінің вице-президенті Отабек Умаровтың АҚШ-та UFC президенті Дэйна Уайтпен кездескені хабарланған болатын.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→