Париж Олимпиадасында өнер көрсеткен қос бауыр Нұрбек пен Айбек Оралбай жайында не білеміз?

Нұрбек Оралбай күні бүгін  Париж Олимпиадасының финалына шықты

Фото: dopmedia.kz

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында нәтижелі жекпе-жек көрсетіп жүрген егіз ағайындылар Айбек және Нұрбек Оралбай жайлы не білеміз? Олар бокстағы спорттық мансабын қалай бастағаны жайында айтамыз,-деп хабарлайды newsroom.kz

Деректерге сүйенсек, ағайынды жігіттердің боксқа деген қызығушылығын алғаш рет әкелері ашқан екен. Айбек пен Нұрбектің бірінші жаттықтырушысы- Асқар Еркебаев болған. 

Егіздердің бала кезінде әкелері еркін күреске бермекші болған. Алайда, өмір сүрген аймақтарында бұл спорт түрінен секция болмағаны үшін, жігіттер бокспен айналысып бастаған. Бокс саласында күш сынасып жүргендеріне 16 жыл болған ағайындыларды көбісі тіпті шатастырады екен. 

Бала кездерінде де тыным таппаған қос бауырлар, кейде бір-бірінің орынына рингке де шыққан. Айбек Оралбай сұхбаттарының бірінде 

" Бала күнімізде мен ауырып қалып, жарыста орныма Нұрбек шыққан. Ешкім байқамады. Ал бір-бірімізге қарсы бокстасқан емеспіз. Өзара бәсекелестік те жоқ. Қайта жігерлендіріп отырамыз. Жекпе-жектерімізді қарап, кемшін тұстарымызды айтамыз. Мыңдаған жанкүйердің арасынан да бір-біріміздің дауысымызды бірден танимыз"-деді спортшы 

Сондай-ақ, ағайындылар өзге де боксшылар мен бапкерлері  қос бауырды қалай ажырататыны жайында айтты.

"Он жыл бойы жаттықтырған жеке бапкеріміз Еркебаев Асқар ағайдың баласы сияқты болып кеткенбіз. Оның бізді шатастырғаны есімде жоқ. Басқа бапкерлер дене бітімімізге қарап ажыратады. Себебі Айбектің салмағы менен 10 келіге ауыр"-деп жауап берді Нұрбек Оралбай.

Айта кетелік, ағайындылар Париж Олимпиадасына қатысып, ел намысын қорғауда. 
1 тамызда 92-келіде  Айбек Оралбай  Әзірбайжан боксшысы Альфонсо Домингестен жеңіліп қалды. 
 Нұрбек Оралбай күні бүгін  Париж Олимпиадасының финалына шықты. Нұрбек Оралбай жартылай финалда Доминикан Республикасының боксшысы Кристиан Хавьер Пиналеспен кездесті. 80 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.(3:2). Енді отандасымыз Нұрбек украиналық Александр Хижняк пен пен кубалық Арлен Лопез жұбының жеңімпазымен Париж Олимпиадасының алтыны үшін жұдырықтасады. Финалдық бәсеке 7 тамызға жоспарланған.

Жүктелуде...