weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
8 тамыз, 2024 / Перизат Ілес / Sportroom
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Париж-2024: бүгін жарыс жолына қай спортшыларымыз шығады

Мейрамбек Қартбай (57 келі) және Азамат Дәулетбеков (86 келі) Париж боз кілемінде бақ сынайды

Париж-2024: бүгін жарыс жолына қай спортшыларымыз шығады
Фото: Telegram/ Qazaqstan.tv

Бүгін Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарына 8 қазақстандық спортшы шаршы алаңда сынға түседі,-деп хабарлайды newsroom.kz 

Олимпиада ойындарының кезекті жарыс күнінде еркін күрес балуандарының белдесулерін тамашалаймыз. Бұл сында Мейрамбек Қартбай (57 келі) және Азамат Дәулетбеков (86 келі) Париж боз кілемінде бақ сынайды.   

Байдарка мен каноэде ескек есу жарысында әйелдер арасындағы 200 метр қашықтықта Мария Бровкова жарыс жолына шығады.   

Сондай-ақ, көркем гимнастикадан Париж Олимпиадасында Эльжана Таниева жарысты бүгін бастайды.

Қазіргі бессайыстан Елена Потапенко мен Георгий Борода-Дудочкин жарыс жолына шығады.

Спорттық құзға өрмелеуден Олимпиада рекордын жаңартқан Әмір Маймұратов ширек финалда бақ сынайды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→