Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
9 тамыз, 2024 / Перизат Ілес / Sportroom

Париж-2024: Олимпиада ойындарында бүгін қай спортшыларымыз бақ сынайды

Еркін күрестен аса ауыр салмақ (125 келі) дәрежесінде Юсуп Батырмұрзаев Париж боз кілемінде бақ сынайды

Париж-2024: Олимпиада ойындарында бүгін қай спортшыларымыз бақ сынайды
Фото: Qazaqstan.tv

Парижде өтіп жатқан Олипиада ойындарында бүгін қазақстандық алты спортшы шаршы алаңда сынға түседі,-деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Олимпиада ойындарында жарыс жолына Қазақстан командасындағы ең жас спортшы Батырхан Төлеуғали шығады. Ол ел намысын таеквондодан 80 келі салмақта қорғайды.

Сондай-ақ, еркін күрестен аса ауыр салмақ (125 келі) дәрежесінде Юсуп Батырмұрзаев Париж боз кілемінде бақ сынайды.

Жеңіл атлетикадан Дэйзи Джепкемей әйелдер арасындағы 10 000 метр қашықтыққа жүгіруге қатысады.

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату