Париж-2024: бүгін қай спортшыларымыз шаршы алаңға шығады

Еркін күрестен 97 келі салмақ дәрежесінде Әлішер Ерғали жұбаныш белдесуінде күреседі

Фото: Telegram/ Qazaqstan.tv

Париж Олимпиадасында 11 тамыз, жексенбі күні қазақстандық олимпиадашылар спорттың екі түрінен еркін күрес пен жеңіл атлетикадан екі спортшы бақ сынайды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Париж Олимпиадасының соңғы жарыс күнінде әйелдер арасындағы марафон бәсекесінде Жанна Мамажанова сынға түседі.

Еркін күрестен 97 келі салмақ дәрежесінде Әлішер Ерғали жұбаныш белдесуінде күреседі. Қазақстандық спортшының қарсыласы ирандық Амирали Азарпира.

Айта кетейік, Франция астанасы Париж қаласында алуы тұтанған XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстаннан 80 спортшы спорттың 25 түрінен сынға түсті. Олимпиада ойындарының алауы 26 шілдеде тұтанған болатын. Төртжылдық басты додаға әлемнің 205 елдің 10 500 спортшысы қатысып, 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салып жатыр.

Жүктелуде...