Париж-2024: Бүгін Олимпиада ойындарында қай спортшыларымыз ел намысын қорғайды

Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен жалпы командалық есепте 34-орында тұр

Фото: Telegram/ Qazaqstan.tv

Париж Олимпиадасында 10 тамыз, сенбі күні қазақстандық олимпиадашылар спорттың төрт түрінен еркін күрес, брейкинг, қазіргі бессайыс және велотректен бақ сынайды,- деп хабарлайды newsroom.kz 

Алдымен 14:00–де еркін күрестен 97 келі салмақта Әлішер Ерғали ел намысын қорғайды. Ол бірінші белдесуінде мысырлық Мұстафа Әл-Елсайед Элдерспен белдеседі.

Еркін күрестен жартылай финал 21:15–ке жоспарланған. 

Ал 16:30–да қазіргі бессайыстан Елена Потапенко сынға түседі.

19:35–те брейк-данстан жарыс басталады. Онда Әмір Зәкіров шаршы алаңға шығады.

Финал Астана уақытмен 00:29–ға жоспарланған

Ол D тобында сынға түседі. Отандасымыз Menno (Нидерланд), Billy (Марокко) және Quake (Қытайдың Тайпейі) лақап атымен танымал спортшылармен шеберлік байқасады.

20:19–да велотректен ел намысын Андрей Чугай қорғайды. 

Жүктелуде...